Біз туралы

Балалар мен ересектерге арналған қуаныш пен сауық-сайран әлемі

Fame City – қаланың ең үлкен ойын-сауық орталығы. Ең заманауи аттракциондар мен аниматроникстер, үздік ойын автоматтары, әткеншектер, балалар және ойын бөлмелері сіздерді «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығының 4-қабатында күтеді.

Fame city карталары

Fame City картасын ойын-сауық орталығының кассаларынан сатып ала аласыздар. Бір картаның құны 150 теңге

Картаны толықтырудың ең аз бастапқы сомасы — 1000 теңге

Fame City карталары көп реттік болып табылады және Fame City ойын-сауық орталығына кірген сайын қолданылуы мүмкін

Карталардағы теңгерімнің әрекет ету мерзімі — 1 жыл

Fame City қаһармандары — Ханбала және Ханшайым

Алыстағы ғаламшардан келген қонақтар Ханбала мен Ханшайым сіздерді Fame City ойын-сауық орталығында қарсы алатын болады. Олар біздің кішкентай қонақтарымызды қуантып, көңілін көтереді.

Жүлде тикеттері

Fame City аумағында 50-ге жуық автомат Fame City жүлде тикеттерін береді

Тикеттерді «Fame city redemption» жүлде аймағында ойыншықтарға айырбастап алуға болады. Келушілерге ыңғайлы болуы үшін, автоматтардан жиналған тикеттерді «Fame City» картасының теңгеріміне аударуға болады. Тикеттердің теңгерімі картада мерзімсіз сақталады. Осылайша, сіздер армандағы жүлделерді алу үшін тикеттерді жинай аласыздар.

Топпен келушілерге арнайы ұсыныстар. Толық ақпараттар телефон бойынша
+7 (7172) 57- 27- 50